TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтар

КӘЧ: Финалистер анықталды

Америка құрама штаттарында өтіп жатқан клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының жартылай финалдық ойындары аяқталды. Нью-Йорк қаласында өткен кездесуде париждік ұжым «Реалды» тас-талқан етті.

Төреші ысқырығы естілген сәттен бастап «ПСЖ» шабуылшылары Тибо Куртуа қорғаған қақпаға тыным бермеді. Осылайша небәрі матчтың 7-минутында Фабиан Руис есеп ашып үлгерді. Ал араға екі минут салып қорғаныстың қателігін Усман Дембеле сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Онсыз да қорғанысынан маза кеткен корольдік ұжым бірінші тайм аяқталмай жатып, Фабиан Руистың дубль жасауына жол беріп қойды.

Ойынның екінші жартысында Луис Энрике шәкірттері қарсыласқа мүлде мүмкіндік бермеуін жалғастыра берді. Психологиялық қысымға шыдай алмай жүрген «Реал» қорғанысы тағы да қателік жіберді. Ал, 87-минуттағы Гонсалу Рамуштың ұрымтал соққысы ойын нүктесін қойып, париждіктерге сенімді жеңісті тіркеді.

Енді Фабиан Руис бастаған жігіттер финалда лондондық «Челсимен» шайқасатын болады. Финалдық кездесу 14 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Tenbildop телеграм арнасынан тегін тамашалай аласыздар!.

Тағы да оқыңыз