Үш күннен бері трендке айналған Димаш Қашкеннің ойынынан бөлек, жеке стильі де әлеуметтік желілерді шулатып жатыр.
Тіпті білгіштер Димаштың қолындағы Patek philippe Tiffany & Co эксклюзивті сағатының құны 651 миллион теңгені құрайтынын жарыса жазуда. Айтуларынша, бұндай сағаттың әлем бойынша тек 170 нұсқасы ғана бар екен.
Бұл дегеніңіз, ҚПЛ-дағы кейбір клубтарының жарты жылдық бюджетіне тең.
Айта кетейік, кеше ел құрамасы Лихтенштейнді талқандап тастаса да, Талғат Байсуфинов мырза Димаш Қашкенді алаңға шығармады.
