Қазақстан қыздар құрамасының капитаны мәскеулік «ЦСКА» сапындағы кезекті титулына қол жеткізді.
Күні кеше әскерилер Ресей кубогының еншіледі. Финалдық кезеңде питерден келген «Зенит» қыздарын пенальти сериясы бойынша ұтып (4:3) төрт дүркін кубок иегерлері атанды. Дегенмен біздің қыз бұл кездесуде қосалқы құрамда қалды. Бір қызығы, бас бапкер 120 минут бойы тек екі ойыншы ғана алмастырды. Ал «Зенит» болса, мүмкін болған бес футболшыны да алаға алмастырып кіргізді.
Юлия Мясникова 2019 жылдан бері «ЦСКА»-ның намысын қорғайды. Бұл сары қыздың үшінші титулы. Бұған дейін Ресей суперкубогы мен Кубокты жеңіп алған еді.
