TENBILDOP
Жаңалықтар

УЕФА Темірлан Анарбековке қатысты сұрақ туғызды

УЕФА баспасөз қызметі Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің Бельгияға қарсы ойынын (1:1) жоғары бағалады, деп хабарлайды tenbildop.kz.

Еуропалық футбол ассоциациялары одағының ресми Instagram парақшасында 22 жастағы қазақстандық қақпашының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында, Астанада өткен кездесуде жасаған ең үздік сейвтері топтастырылған видео жарияланды.

«Үздік қақпашылық ойын ба?» — деп жазылған УЕФА жарияланымында.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің 10-шы турындағы матчта Қазақстан құрамасы топ көшбасшысы Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнап, сенсация жасады. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Дастан Сатпаев соқса, Анарбеков сегіз сейв жасап, ұлттық команданың үздік ойыншысы атанды.

Тағы да оқыңыз