TENBILDOP
Жаңалықтар

Бахтиер Зайнутдинов РПЛ-ден жағымсыз жаңалық алды

Ресей құрамасы мен мәскеулік «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпин Жаңа жылға дейін клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды tenbildop.kz Euro-football.ru сайтына сілтеме жасап.

Футбол агенті Тимур Гурцкая Карпиннің «Динамо» бас бапкері ретіндегі болашағына қатысты пікір білдірді.

«Карпин Жаңа жылды бір-ақ қызметпен қарсы алуы ықтимал. Оның өз бастамасымен. Өткен аптада-ақ отставка кетуі мүмкін еді», — деді агент «Это футбол, брат!» YouTube арнасында.

Карпин «ақ-көктерге» биылғы жазда бас бапкер болып тағайындалған еді. Ресей чемпионатының алғашқы айналымы нәтижесінде мәскеулік клуб 17 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орында тұр. Келесі матчта «Динамо» Махачкала клубына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, «Динамо» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол биыл «Бешікташтан» ауысып келген және ақпараттарға қарағанда, Карпиннің қолдауымен Мәскеу клубына келген болатын.

Тағы да оқыңыз