TENBILDOP
Жаңалықтар

Еуро іріктеуінде Қазақстан U-17 құрамасы сенсация жасады

https://www.instagram.com/reel/DRKENqMiEXj/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін В дивизионында өте сәтті өткізді, деп хабарлайды tenbildop.kz.

17 қараша күні біздің жас команда Хорватиядағы іріктеу турнирінің үшінші туры аясында Албанияны 2:1 есебімен жеңді.

Нәтижесінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы В дивизионының турнирлік кестесінде алты ұпаймен бірінші орынды иеленіп, енді Еуро-2026 жолдамасы үшін күресті А дивизионында жалғастырады. Айта кету керек, біздің команданың келесі кезеңге шығуына осы дивизионның қожайындары — хорваттардың Нидерландты 3:2 есебімен жеңуі көмектесті.

Ал «қызғылт сары» құрам (Нидерланд) екінші турда Қазақстанды 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Турнир қорытындысында хорваттар мен қазақстандықтар бірдей — алты ұпай жинады. Алайда Бауыржан Сағындықтың шәкірттері өзара кездесудегі жеңісі (2:1) арқасында келесі кезеңге өтті. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама беретін іріктеудің екінші сатысы 2026 жылдың көктемінде өтеді.

Тағы да оқыңыз