Виталий Жуковскийдің шәкірттері Премьер-лигада қалады. Tenbildop.kz тілшісі себебін түсіндіреді.
Алдымен, Қазақстан Премьер-лигасындағы командалардың саны 16-ға көбейгені «Атырау» үшін қуанышты жаңалық. Осы себепті қауіпті аймақта тұрған бір ғана ұжым Бірінші лигаға төмендейді. Ол – «Тұран» болуы ықтимал.
«Мұнайшылар» соңғы үш турда міндетті түрде ұпай алады. «Елімайға» тісі батпаса да, «Ұлытау» мен «Жеңісті» әупірімдеп жүріп жеңуге болады.
Ал Поклонскийдің шәкірттері, керісінше, соңғы турларда қайрат көрсете алмайды. Қарсыластары – тым азулы: астаналық «Жеңіс», семейлік «Елімай», көкшетаулық «Оқжетпес». Бұлардың ішінде «Тұран» 1-турда тек көкшелік ұжымды ғана жеңе алған. Осы жолы абайлықтарға ұпай қажет, ал «Оқжетпес» есесін қайтарады.
«Тұран» бұл ойындарда тек «Жеңіспен» тең ойнауы мүмкін. Ал “мұнайшылардың” ҚПЛ-де қалуы үшін екі қарсыластан басым түссе болғаны.
Маусымның ортасында түркістандық ұжымнан бір түнде 13 ойыншы кеткенін де ұмытпайық. Сондықтан қазіргі «Тұранның» ҚПЛ-де қалатын қауқары жоқ.
