TENBILDOP
Әлем футболыӘлем ЧемпионатыБолжамдарЖаңалықтарТікелей эфирҰлттық құрамаЭксклюзив

Лихтенштейн бапкері: Қазақстанмен тең ойнасақта жеткілікті

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейн құрамасын қабылдайды. Астанаға келген меймандар ертеңгі ойын алдында өз пікірлерімен бөлісті, — деп хабарлайды Tenbildop.kz 

Лихтенштейн құрамасы 2020 жылдың қыркүйегінен бері жеңіске жетпеген. Құрамында балықшылар мен пошта қызметкерлері ойнайтын бұл ұжым ФИФА рейтингінде 204-орында тұр. Команданың бас бапкері Конрад Фюнфштюк ойын алдындағы баспасөз мәслихатында:

— Жол өте ұзақ болды. Қазақстан — өте қонақжай ел екеніне куә болдым. Қазақстан ұлттық құрамасы — аса тәжірибелі команда. Олардың сапында біршама мықты ойыншылар бар.
Иә, мен Лихтенштейн құрамасының бас бапкері ретінде әлі ешбір ресми матчта жеңіске жеткен жоқпын. Әрине, Лихтенштейнде 300 мың адам тұратынын ескерсек, аса ірі жеңістерге қол жеткізу оңай емес. Бірақ біз өз еліміз үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жүрміз.
Ертең Қазақстанмен 0:0 есебін тіркесек те, бұл — біз үшін үлкен жетістік болмақ.

Айта кетейік, бұл құрамамен біз биыл наурыз айында кездескенбіз. Максим Сомородов пен Александр Морочкиннің голдарының арқасында сырт алаңда жеңіске жеткен едік. Ертеңгі ойын 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Тағы да оқыңыз