Мадридтік «Реал» ағылшындық «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холандқа қайта қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Tenbildop.kz .
Бұл ақпаратты El Gol Digital басылымы таратты.
Дереккөздің мәліметінше, Холанд өз айналасына «Реалға» ауысуға қарсы емес екенін жеткізген, бірақ ол Винисиус Жуниормен бір командада ойнауды қаламайды. Клуб басшылығы болса, бразилиялық ойыншыны сату ішкі келіспеушіліктерді шешіп қана қоймай, ірі трансфер жасауға қажетті қаражатты да қамтамасыз етуі мүмкін деп санайды.
Айта кетейік, соңғы уақытта Винисиус тұрақтылығын жоғалтып, жиі даулы жағдайлардың ортасында қалып жүр және бұрынғыдай деңгейде ойнай алмай келеді.
«Реалдың» Холандқа деген қызығушылығы бұрыннан бар — мадридтіктер оны «Манчестер Ситиге» ауыспай тұрып-ақ өз құрамына қосқысы келген.
Қазір клуб басшылығы жылдардағы ең ірі жобалардың бірі болуы мүмкін жұлдызды дуэтті құруды армандайды — Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандты бір шабуыл шебінде біріктіру.
