TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыЛа ЛигаТікелей эфирЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Рафаэль Уразбахтин: Өзімді кассир сезінемін

Күллі елді шулатқан «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билет сатып алуға ниеттенген жанкүйерлердің саны платформаларда 200 мыңнан асып кетті. Бұл туралы «сары-қаралардың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің пікірін Tenbildop.kz жеткізеді.

Билет мәселесі футболшылар мен клуб құрамындағы қызметкерлерде де бар екен. Бас бапкердің мазасын алып, билет сұраған таныстарының санында шек жоқ, дейді ол.

Рафаэль Уразбахтин:
Жеребеден кейін билет сұрап жазатын таныстарымның саны көбейіп кетті. Тіпті өзімді «Қайраттың» кассирі сияқты сезінемін. Шын айтам, мен кассир емеспін. Билет сатпаймын. Расында, жақындарым үшін екі билет табылса, рақмет айтар едім.

Айта кетейік, кеше сатылымға шыққан «Қайрат» – «Реал Мадрид» билеттері бір сағатқа жетпей таусылып қалған еді.

 

Тағы да оқыңыз