TENBILDOP
ЖаңалықтарЛа ЛигаТікелей эфирЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Карвахаль Алматыға келмейді

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі басталды. Турнирдің ең тәжірибелі командасы саналатын мадриттік «Реал» өз алаңында «Олимпик Марсельді» 2:1 есебімен жеңді. Александр-Арнольд пен Дани Карвахаль Алматыға келмеуі мүмкін: бірі ойынның 8-минутында жараланса, ағылшынды алмастырған Карвахаль қызыл қағаз алды, деп хабарлайды Tenbildop.kz.

Ойын басталмас бұрын мадриттіктердің негізгі құрамы көпті таң қалдырды. Мұндай маңызды кездесуде Вини мен Беллингем қосалқы құрамнан бастады. «Марсельге» бұл құрам шықса, ертең Алматыға кімдер келеді деп уайымдады «Қайрат» жанкүйерлері.

Айтқандай-ақ, қонақтар бірінші болып қимылдады. Гюлер мен Хейсеннің бір-бірін түсінбеуі, қорғаныстағы қателік және Тимоти Веа «Бернабеу»де есеп ашып кетті.

29-минутта Родриго пенальти алып беріп, Мбаппе 11 метрлікте мүмкіндігін мүлт жібермеді. «Галактикос» есепті теңестірсе де, негізгі ойыншыларын шығаруға асықпады.

72-минутта команда капитаны Дани Карвахаль өрескел тәртіп бұзып, қызыл қағаз арқалап кетті. Ал 81-минутта Киллиан Мбаппе тағы да пенальти орындап, корольдік клубты алға шығарды.

Ойын барысында Милитао, Тчуамени, Фернандес сынды ойыншыларға сары қағаздар көрсетілді. Осылайша «Реал» екі пенальти арқылы жеңіске жетіп, турнирлік кестеде «Қарабахтан» кейінгі төртінші орынға тұрақтады.

Тағы да оқыңыз