TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфирЧемпиондар Лигасы

«Қайрат» басшылығы билет сату бойынша бірнеше нұсқаны қарастыруда

Күн өткен сайын «Реал Мадридпен» өз алаңында өтетін ойынға сұраныс артып келеді. Бұл матчқа тек Қазақстан емес, көршілес мемлекеттерден де жанкүйерлер билет сұрап жатыр, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

«Қайрат» клубының басшылығы билет сатылымы бойынша барлық мүмкін нұсқаларды қарастыруда. Ең басты мақсат — алыпсатарлардың жолын кесу. Сол үшін клуб екі негізгі тәсілді жоспарлап отыр:

Бір адамға тек бір билет сату, немесе билетті өз алаңындағы 4 ойынмен бірге абонемент ретінде ұсыну.

Клуб президенті Қайрат Боранбаевтың айтуынша, матчқа кіре алмай қалған жанкүйерлер үшін 50 мың адамға арналған ашық аспан астындағы тікелей эфир аймағы ұйымдастырылады.

Тағы да оқыңыз