Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем екі ай жарақатта болып, жасыл алаңға қайта оралды, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

«Реал» турнирлік кестеде көш бастады. Ла Лиганың алғашқы бес турының барлығында Хаби Алонсо шәкірттері топ жарды. Кеше “Бернабеуде” мадридтіктер «Эспаньолдан» 2:0 есебімен басым түсті. Матчтың басты жаңалығы — Джуд Беллингемнің қайтып оралуы.
Жарақаттан айыққан ағылшын ойыншысы әлеуметтік желідегі парақшасында:
“Мен барлықтарыңызды сағындым, маған білдірген ықылас көңілдеріңізге алғыс айтамын. Мені жарақат кезінде демеп, қолдадыңыздар. Енді биік жетістікке бірге жетеміз. Хала Мадрид!”

«Реал» сырт алаңда «Левантемен» жолығып, мадриттік дербиде «Атлетиконы» қабылдайды. Кейін Қазақстанға жол түзейді.
