Грозныйлық ұжымның тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі Мохамед Конате командаға қайта оралды. Осылайша Буркина-Фасо құрамасының шабуылшысы енді мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырмақ.
27 жастағы футболшы кәсіби мансабының алғашқы кезеңдерінде «Қайрат-А» командасында ойнаған. Қазақстан бірінші лигасында 12 ойын өткізіп, 3 рет мергендік танытқан. Ал 2021-2024 жылдар аралығында «Ахмат» сапында жасындай жарқырады. Тіпті мансабындағы ең керемет үш маусымын өткізді десе де болады. Бұл аралықта өзі қатысқан 80 ойында 30 гол соғып, грозныйлық ұжымның тарихындағы үздік сүрмергендер қатарына енді.
Мохамед Конате былтырғы маусымда саудиялық «Эр-Риядтың» намысын қорғады. Алайда 27 ойында небәрі 4 гол ғана соққан шабуылшыға бапкерлік штабтың көңілі толма қоймады. Ал «Ахмат» болса қайтып келген Конатеге 3 жылдық келісім-шарт ұсынды.
Айта кетейік, Ресей Пермьер-лигасы 18 шілде күні бастауын алады. Сонымен қатар «Ахмат» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Максим Самородов өнер көрсетеді.
