Португалиялық қорғаушы өзінің келісімшартын ұзарту арқылы «қалалықтар» сапында 2029 жылдың маусымына дейін қалуға келісті.
Рубен Диаш 2020 жылы португалиялық «Бенфикадан» «Сити» сапына €71,6 миллионға ауысып, сол уақыттан бері клубтың қорғанысын нығайтып келеді. Әлемнің ең қымбат қорғаушыларының бірі осы уақыт аралығында клубпен бірге 10 трофей жеңіп алды.
Ол 2020/21 жылғы маусымда Премьер-лиганың үздік ойыншысы және Football Writers Association сыйлығының иегері атанды.
Рубен Диаштың клубта қалу туралы пікірі:
«Мен бүгін өте қуаныштымын. «Сити» – менің клубым. Бұл – чемпиондыққа ұмтылатын команда. «Манчестер Ситидің» амбициясы менің мақсаттарыммен толық үйлеседі. Ойыншы ретінде бұдан артық ештеңе болмас. Менің міндетім – осы келісім мерзімінде барымды салып, одан да биік жетістіктерге жету. Клубтағы бауырмалдыққа ризамын. Маған үміт артқан жанкүйерлерге, бапкерлерге және әріптестеріме алғыс айтамын.»
Пеп шәкірттерін алға сүйреген вице-капитан, өткен маусымда испандық маманның жетекшілігімен 44 матчта орталық қорғанысты ойсыратпай ұстаған. Былтыр португалиялық көк масатыда барлығы 3442 минут ойнаған.
