TENBILDOP
АПЛЖаңалықтар

«Ливерпульдің» жаңа ойыншысы жарақат алды

Джереми Фримпонг «Борнмутқа» қарсы өткен АПЛ 1-турының матчында жарақат алып, қосымша ойындарды өткізіп алуға мәжбүр. Қазір жарақатты емдеу барысы жедел жүріп жатыр.

Фримпонг — леверкузендық «Байерден»  29,5 млн фунт стерлингке сатып алынған еді. «Шиелерге» қарсы матчтың 60-минутына дейін алаңда болып, бел омыртқасы жарақатына байланысты алмастырылды.

Арне Слот, бас бапкер:
«Медициналық қызмет көрсету тобы дұрыс шешім қабылдады. Фримпонгты ауыстырғанымыз дұрыс болды – егер ойынды жалғастыра берсе, жарақат ұзаққа созылуы мүмкін еді. Оның алаңға оралуы келесі халықаралық үзілістен кейін күтілуде».

Жарақат салдарынан Фримпонг келесі матчтарды өткізіп алуы ықтимал — олардың ішінде «Ньюкаслға» қарсы келесі дүйсенбідегі кездесу мен «Арсеналға» қарсы «Энфилдтегі» ойын бар. Қыркүйектегі халықаралық үзілістен кейін ойпатты елдің өкілі көк масатыға оралып қалуы мүмкін…

 

Тағы да оқыңыз