TENBILDOP
А-СериясыАПЛӘлем футболыБундеслигаЖаңалықтарЛа ЛигаТрансферЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Ламин Ямаль — әлемнің ең қымбат ойыншысы

Немістің Трансфермаркт порталы ай сайын ойыншылардың трансферлік нарықтағы құнын қымбаттатып һәм азайтып отырады. Қазан айында Вини Жуниор, Киллиан Мбаппе сынды жұлдыздардың трансферлік құны арзандап, жас ойыншылар ерекше қымбаттады деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.

Ең қымбат ойыншылар тізімін €200 миллиондық бағамен 18 жастағы Ламин Ямаль бастап тұр.
«Реал» ойыншылары Джуд Беллингем, Киллиан Мбаппе һәм манчестірлік Эрлинг Холандтардың нарықтағы құны €180 миллионды құрап, үздік бестікті €150 миллионмен «Арсенал» шабуылшысы Букайо Сака түйіндеді.

Винисиус Жуниор қайда? — деп сұрауыңыз мүмкін. Бразилиялық шабуылшының статистикасы, ойындардағы нәтижесіздігі есептеліп, бірден 20 миллионға арзандады. Осылайша «Реал» вингері ең қымбат ойыншы атағынан айырылып, бар болғаны €150 миллионға бағаланды. Айта кетейік, Вини үшін Сауд Арабия клубтары €1 миллиард беруге дайын екендерін мәлімдеген еді.

«Барселонаның» маэстросы Педри Лопес, «Ливерпуль» сапына ауысқан Флориан Вирц және «Бавария» жұлдызы Жамал Мусиала €140 миллионға бағаланса, €130 миллиондық бағаммен Феде Вальверде үздік ондықты түйіндеді.

Биыл Алтын доптан айырылған Ямаль ең қымбат ойыншы болып танылса, Ballon dOr иегері Усман Дембеле бұл тізімде тек 24-орынға жайғасты.

Қазан айында трансферлік бағалары айрықша арзандаған футболшылардың көшін «Реал» мен «Барселона» ойыншылары бастап тұр. Мысалы, Винисиус пен Гави €20 млн-ға, Родриго, Камавинга, Рэшфорд, Асенсио сынды мықтылардың трансферлік құндары €10 миллионға қысқарды.

 

Тағы да оқыңыз