УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өткен беташар матчтардың бірінде испан классикалық командасы саналатын «Атлетик» Бильбаоның “Сан Мамес” стадионында лондондық «Арсеналға» есе жіберді, деп хабарлайды Tenbildop.kz
«Атлетик» алғашқы минуттан бастап қожайындығын көрсетсе де, “зеңбірекшілер” бір басқа сенімді көрінді. Ойынның 31-минутында «Арсенал» жейдесіндегі бесінші кездесуін өткізіп жатқан Виктор Дьекереш әріптесі Габриэл Магальяйнспен ауыр соқтығысты. Алаңға жүгіріп шыққан дәрігерлер шведтің басын таңып байлауға мәжбүр болды.

Айта кетейік, «Арсенал» шабуылшыны биыл жазда португалиялық «Спортингтен» €65,8 миллионға сатып алды. Ойыншыға қызылдар үшін киелі саналатын 14-нөмір берілді. Кезінде бұл жейдеде аты әлемге мәшһүр болған Тьери Анри атой салған еді.
72-минутта Еберечи Езені алмастырған Мартинелли жарақаттан таяуда ғана жазылғанына қарамастан алаңға шығып, басктық қорғаушылар арасынан жеке дара шауып, есепті ашып кетті.
Ойынның 87-минутында жоғарыда аталған Дьекерешті алмастырған бельгиялық Леандро Троссард Мартинеллидің пасын голмен түйіндеді. Осылайша «Атлетик» 0:2 есебімен қонақтарға есе жіберді.

Баск елінің өкілдері «Қалқан құлақ» турнирінің келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. Эрнесто Вальверде шәкірттері «Сигнал Идуна Парк» алаңында «Боруссия Дортмундпен» жолықса, лондондық «Арсенал» өз алаңында грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды.
