TENBILDOP
Әлем футболыБолжамдарЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфирЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Қайрат» Португалияда «Спортингке» қарсы ұтылмайды

Ордабаев пен Огай «Қайраттың» дебютант ретінде «Спортингке» қарсы тең ойнау мүмкіндігі бар екенін айтты , деп хабарлайды Tenbildop.kz

18-ден 19 қыркүйекке қараған түні Португалияда Алматының «Қайраты» мен Лиссабонның «Спортингі» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында кездеседі.

2007 жылғы Интертото кубогының иегері, тәжірибелі бапкер Дмитрий Огай және Қазақстанның ХХ ғасырдағы ең үздік қақпашыларының бірі Куралбек Ордабаев негізгі қақпашылар — Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғанына қарамастан, 18 жастағы Шерхан Қалмұрза Португалияда сәтті ойын көрсете алады деген пікірде.
Ордабаев бұл туралы:

— Меніңше, Шерхан сенімділікті сезіне бастады. Соңғы ойыны 14 қыркүйекте «Ақтөбеге» қарсы өтті. Күрделі матч болғанымен, ол жақсы ойнады. Әсіресе, допты қабылдау техникасы ұнады. Оған алаңда сабыр сақтап, гол жіберсе де қапаланбай ойнап шығу керек, «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы.

Футбол жаттықтырушысы Дмитрий Огай да «Қайраттың» «Спортингпен» болатын матчынан оң нәтиже күтетінін айтты:

— Соңғы үш айда «Қайрат» тұрақты ойынымен көзге түсті. Менің ойымша, алматылықтар лиссабондық клубпен лайықты деңгейде бәсекелес болады. Әрине, кейбір факторлар нәтижеге әсер етуі мүмкін. Мәселен, жас қақпашының тәжірибесіздігі немесе ұзақ ұшып келудің сияқты. Бірақ бұл жайттар туралы қазір ойлағым келмейді. Жігіттердің барын салып ойнайтынына сенемін. Сонымен қатар, бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің шеберлігі команданың оң нәтиже көрсетуіне жол ашады, — деді Огай.

Бапкер атап өткендей, «Қайраттың» жігіттері жақында үлкен мотивация алды — Чемпиондар лигасының Португалияда өткен матчында әзербайжандық «Қарабах» португалиялық «Бенфиканы» 3:2 есебімен жеңіп, сенсация жасады.

— Бұл да командаға әсер етпей қоймайды. Меніңше, бас бапкер бұл жайлы ойын алдында міндетті түрде айтады, — деді Дмитрий Огай.

 

Тағы да оқыңыз