Винсен Компани шәкірттері маусым басталғалы бері барлық ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Бүгін «неміс машинасы» сырт алаңда франкфурттық «Айнтрахтың» тас-талқанын шығарды. Әдеттегідей Харри Кейн гол соғып, Луис Диас дубль авторы атанды. 0:3
Осылайша бавариялық ұжым Бундеслиганың алғашқы 6 турының барлығында топ жарып, 18 ұпаймен турнир кестесінің төріне жатып алды. Бұл — рекорд. Бұған дейін маусымның алғашқы он матчын жеңіліссіз һәм тең ойынсыз бастаған ұжым болмаған.

Ал өткір шабуылдардың авторы Харри Кейн 6 ойында 11 гол соғып, сұрмергендер көшін бастады. Колумбиялық Луис Диас қоржынындағы 5 голмен екінші орынға жайғасты. Биылғы «Бавария» жеңілістің не екенін шілде айынан бері білмей келеді. Соңғы рет клубтар арасындағы әлем чемпионатында «ПСЖ-дан» 2:0 есебімен ұтылған еді.
