«Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының дамуы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды tenbildop.kz.
— Мен бұл жобаға сенемін. Футболға және лигадағы адамдарға сенемін. Бұл чемпионаттың болашағы зор. Соңғы үш жылда Сауд Арабиясының лигасы айтарлықтай өсті, ал саудиялықтардың футболға деген құштарлығы — шын мәнінде таңғаларлық, — деді Роналду.
Португалдық жұлдыздың айтуынша, елдегі туризм де соңғы жылдары қатты дамып келеді және бұл да футболмен қатар оның көңілінен шығып отыр.
— Туризм мен үшін де өте маңызды сала. Соңғы жылдары ол да үлкен серпін алды. Сондықтан осы дамуға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Саудиялықтарға үнемі айтамын: мен де сендердің біріңмін, мен де саудиялықпын, — деп түйіндеді Криштиану Роналду.
