TENBILDOP
А-СериясыӘлем футболыЖаңалықтарТікелей эфирЧемпиондар Лигасы

«ПСЖ» Чемпиондар лигасын ірі жеңіспен бастады

Жалпы кезеңнің 1-тур ойындары аясында франциялық «ПСЖ» «Парк де Пренс» стадионында италиялық «Аталантаны» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Tenbildop.kz.

Ойынды Швейцариядан келген бас төреші Сандро Шерер басқарды. Тартысты матчта алаң иелері жауапсыз 4 гол соғып ірі есеп тіркеді. Ойынның 3-минутында қорғаушы Маркиньос есеп ашып, «ПСЖ»-ны алға шығарды. Ал 39-минутта париждік грузин Хвича Кварацхелия есепті еселей түсті. 44-минутта Брэдли Баркола пенальтиден мүлт кетсе, екінші таймда қаптал қорғаушысы Нуну Мендеш үшінші голды соқты.

«Аталанта» бүгінгі қарсыласына барлық жағынан ұтылды. Италиялықтар ешқандай қауіпті шабуыл ұйымдастыра алмады. Нәтижесінде 90+1-минутта португалиялық Гонсалу Рамуш матчтағы соңғы нүктені қойды.

Айта кетейік, өткен маусымның финалында француздар италиялық «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихи жетістікке жеткен еді. Биылғы маусымның финалдық кездесуі 2026 жылдың 30 мамыр күні Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионына жоспарланған.

 

Тағы да оқыңыз