Алматылық «Қайрат» жастары өз алаңында пирейлік «Олимпиакосты» қабылдады. Астана қаласында өткен кездесу жабық форматта өткендіктен ойынға тек футболшылардың ата-аналары мен жақындары және БАҚ өкілдері кіре алды.
«Астана-Аренада» өткен ойын алматылық клубтың экс-бапкері марқұм Кирилл Кекердің өмірден өтуіне байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды. Жасанды алаң болғанына қарамастан «Қайрат» жастары шабуылға дем беріп, қарсыластарынан тоқсан минут бойы басымдылық көрсетті. Кездесудің 4-ші минутында Рамазан Бағдат есепті ашса, 57-ші минутта Мұхаммедәлі Әбіш есепті еселеп, қорытынды есепті тіркеді.
Осылайша, біздің жігіттер турнирлік кестеде 28-орында орналасып, жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісіне жетті.
