TENBILDOP
Жаңалықтар

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының басты фавориттері аталды

Каталондық «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Гари Линекер 2026 жылғы әлем чемпионатында қай құрамаларды басты фаворит деп санайтынын айтты, деп хабарлайды tenbildop.kz Euro-football.ru сайтына сілтеме жасап.

«Негізгі фавориттердің бірі — Испания. Қазір олардың құрамы керемет. Англияның да жақсы құрамы бар, бірақ біздің команда үшін мұндай турнирлер әрдайым қиынға соғады. Сонымен қатар Аргентина мен Францияның жеңіске жетуге тамаша мүмкіндіктері бар. Әлі де жоғары деңгей көрсетіп жүрген Лионель Мессиді ұмытпау керек», — деп Линекердің сөздерін Marca келтіреді.

Әлем чемпионаты келесі жазда Солтүстік Америкада өтеді. Турнирдің қазіргі жеңімпазы — Аргентина құрамасы.

Тағы да оқыңыз