Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси өзінің өмірі, МЛС-тегі жоспарлары және қашан футболдағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды tenbildop.kz порталы euro-football-ға сілтеме жасап.
«Интер Майами» клубының шабуылшысы АҚШ-тағы өмір мен футболдың Еуропамен салыстырғанда әлдеқайда тыныш екенін атап өтті — мұнда үнемі жеңіске жету қысымы аз, сондықтан отбасы мен жеке өмірге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік бар. Мессидің айтуынша, енді матч нәтижелері бұрынғыдай көңіл күйіне әсер етпейді, ал осындай тыныштық оның да, командасының да бақытты болуына септігін тигізуде.
Месси футболдың әлі де өмірінің мәні екенін ерекше атап өтті. Ол бәсекелесуді жақсы көретінін, жеңілісті жек көретінін және клубтың дамуына үлес қосқысы келетінін айтты. Аргентиналық жұлдыздың сөзінше, ол «Интер Майамиге» келген кезде команда жас әрі тәжірибесіз болған, ал бүгінде клуб МЛС-те мықты қарсыласқа айналып үлгерді.
Футболшы өз мансабын тек физикалық тұрғыдан дайын болмай қалғанда немесе ойында ләззат сезінбеген сәтте ғана аяқтайтынын айтты. Ал әзірге әр матч оған бұрынғыдай қуаныш сыйлайды.
Айта кетейік, Лионель Месси карьерасында сегіз рет әлемнің ең үздік футболшысы атанған — бұл оның ерекше жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдейді.
