TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыРПЛҰлттық құрамаЭксклюзив

Зайнутдинов: Ойнаймын, бірақ нәтиже жоқ!

Қазақстан ұлттық құрамасының және мәскеулік «Динамо» қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов соңғы матчтардағы ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tenbildop.kz.

– Соңғы ойындарда екі голға себепкер болдым, мұны мойындаймын. Мені қай позицияға қойса да, командаға пайдамды тигізуге тырысамын – қай жерде ойнағаным маңызды емес. Әр матчтан кейін теориялық дайындық кезінде Валерий Георгиевич қателерімізді көрсетіп, талдап береді. Ең алдымен, қорғаныстағы ойынды реттеуіміз қажет, – деп мәлімдеді қазақстандық ойыншы.

27 жастағы Зайнутдинов биылғы Ресей Премьер-Лигасының жаңа маусымында 7 матч өткізді. Сондай-ақ Ресей кубогында да 2 кездесуге қатысқан. Тараз футболының түлегі әзірге нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.

Тағы да оқыңыз