TENBILDOP
АПЛЖаңалықтарТікелей эфирЭксклюзив

«Ливерпуль» қатарынан үшінші ойын жеңіліске ұшырады

«Ливерпуль» 2023 жылдың көктемінен бері алғаш рет қатарынан үш матчта жеңілді деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Арне Слот шәкірттері АПЛ-дің 6-турында «Челсиге» 1:2 есебімен тізе бүкті. 18 жастағы Эстевао соққан голдың арқасында лондондықтар қосымша уақытта жеңісті жұлып алды.

Бұған дейін мерсисайдтықтар «Галатасарайға» 0:1 және «Кристал Пэласқа» 1:2 есебімен есе  жіберген еді.

Соңғы рет «қызылдар» үш ойын қатарынан 2023 жылдың көктемінде жеңілген болатын.

Келесі ойын 19 қазан күні өтеді. «Ливерпуль» өз алаңында «Манчестер Юнайтедпен» шеберлік байқасады.

Тағы да оқыңыз