«Тұран» сырт алаңда «Жеңіске» ірі есеппен есе жіберіп, премиядан құр қалды. Түркістандықтар жеңген жайғдайда 20 миллион теңге сыйақы қарастырылған еді деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі
Қазақстан Премьер-лигасының 24-тур ойындары «Жеңістің» жол апатынан қаза тапқан ойыншысы Виктория Кайсаринованы еске алумен басталды. Айта кетейік, Павлодар – Астана тас жолында ірі жол апаты орын алып, «сары-қаралардың» әйелдер құрамасында өнер көсреткен Виктория Кайсаринова мезгілсіз дүниеден өткен болатын.

«Жеңіс» өз алаңында «Тұранды» ірі есеппен жеңді.
8-минутта Дінмұхамед Қараман төменгі бұрыштан саңлау тауып, матчтағы алғашқы голды соқты. Ол бұл голын Виктория Кайсаринованың жейдесін көрсетіп атап өтті. Араға тағы сегіз минут салып, Қараман дубль жасады. 22-минутта таблодағы есеп 3:0-ге жетті.
Қақпашы қайтарған допты «Жеңіс» ойыншысы Всеволод Садовский баспен бағыттап, ВАР жүйесін тексерген бас төреші Данил Горда бұл голды есепке алды.
Екі минуттан кейін «Жеңіс» қақпашысы Дінмұхаммед Жомарттың қолынан сусып шыққан допты түркістандық Николай Солодовницов қақпаға бағыттап, «Тұранның» бұл ойындағы алғашқы голын соқты.
27-минутта Садовский дубль жасап, «Жеңістің» бразилиялық ойыншысы Гьян душ Сантуш Мартинш есепті 5:1-ге жеткізді. Бірінші таймның соңында тұрандық Юрий Перцух пен Роман Чирков бірінен соң бірі гол соғып, интриганы қайта жандандырғандай болды. “Астана Аренаға” жиналған жұрт бір таймның ішінде 8 голға куә болды.
Ойынның соңғы минуттарында Тевзадзе «Жеңістің» алтыншы голын соқты. Осылайша матч 6:3 есебімен Айдын Қожахметтің командасының пайдасына шешілді.
