Биыл ғана ақ жейдені киген испандық қорғаушы Дин Хейсен «корольдік клубтың» аңызы Серхио Рамостан оқ бойы озып кетті деп хабарлайды Tenbildop.kz
Хейсен «Реал Мадрид» сапындағы алғашқы 9 ойында 2 қызыл қағаз алып үлгерген. Бұл — Серхио Рамоспен салыстырғанда антирекорд. Серхио корольдік ұжым сапындағы алғашқы маусымында тек 1 қызыл қағаз алған еді. Испандық қорғаушы «Реал Мадрид» сапында 671 ойын өткізіп, 15 маусым ішінде 26 мәрте алаңнан қуылған.
