Премьер-лиганың 23-туры аясында алматылық “Қайрат” өз алаңында “Ақтөбені” қабылдады. Ойынның 11-минутында Темірлан Анарбеков “ақ-қызылдардың” жартылай қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, басынан жарақат алды, деп хабарлайды tenbildop.kz тілшісі.
Глазгода орын алмаған оқиға Алматыда тіркелді. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин ойынның 13-минутында Анарбековті Шерхан Қалмұрзамен алмастырды. Сонымен қатар, “Қайраттың” негізгі қақпашысы Александр Заруцскийде жарақатта жатқанын еске салайық.

Анарбековтің басынан алған соққысына байланысты нақты ақпарат шыққан жоқ. Егерде Темірлан ойынға орала алмаса, 19-қыркүйек күні “Спортингке” қарсы сырт алаңдағы кездесуде 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаны негізгі қақпашы ретінде көріп қалуымыз ықтимал.
