TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфирЧемпиондар Лигасы

«Селтикті» жеңу үшін құрбандық шалдық

«Селтик» — отандық жанкүйерлерге бұрыннан таныс команда. Олар Қазақстан алаңында жергілікті клубтарды бірде-бір рет жеңіп көрмеген. 2013 жылы қарағандылық «Шахтер» Чемпиондар лигасы аясында «Селтикті» өз алаңында 2:0 есебімен жеңген болатын. Сенсацияға толы бұл жеңістен бөлек, қарағандылықтар ойын алдында құрбандық шалып, шетел медиасын бір шулатты.

Бұл үшін УЕФА қазақстандық клубқа ескерту де жасаған. Кейін шотландиялықтар Глазгода 3:0 есебімен қарымта қайтарды.

2016 жылы «Астана» өз алаңында «Селтикпен» тең ойнап (1:1), қарымта кездесуде есе жіберді. Ал 2017 жылы елордалықтар Шотландияда 5:0 есебімен ұтылып, өз алаңында 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Бүгінгі кездесу!

Британ басылымдары «Селтиктің» Қазақстандағы сәтсіздіктеріне 9 сағаттық жол мен ауа райы себеп болуы мүмкін дейді. Осыған байланысты Глазгодағы тең ойынға шотландиялық фанаттар қатты наразы. “Жасыл бригада” өз командасынан  ірі есеппен жеңіс күтті.

«Селтик» – «Қайраттың» осы маусымда кездескен ең қуатты қарсыласы. Шотландияның 55 дүркін чемпионы Еурокубок ойындарына әбден төселіп алған. Алайда алматылықтардың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин: «Ерекше ойын көрсетеміз», – деп отыр.

Егер «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, қазақ жанкүйерлері Алматыда Еуропаның топ клубтарының ойынына куә болады.

 

Тағы да оқыңыз