TENBILDOP
ЖаңалықтарТікелей эфирЧемпиондар Лигасы

«Қайрат» сырт алаңда тең ойнады

Уефа Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу айналымында алматылық ұжым «Олимпияға» қарсы кездесуде 1:1 есебімен тең ойнап шықты.

Любляна қаласы жалпы Қазақ футболы үшін қасірет пен өкінішке толы сәттермен есте қалып отырған. Бұл жолы «Қайрат» бұл үрдісті бұза алды. Қарсыластың қарымта шабуылдағы қателігін сәтті пайдаланған Жоржиньо қақпа алдында Сәтпаевқа сәтті пас шығарып, бірінші болып есеп ашты. Дегенмен қорғаныстың қателігінен кейін 67 минутта Кошта Пинту есепті теңістіріп үлгерді.

Қарымта кездесу 15 шілде күні Алматының «Орталық» стадионында өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 22:00-де. Бұл ойынды Tenbildop телеграм арнасынан тікелей эфирде тегін тамашалай аласыздар!.

Тағы да оқыңыз