Отандасымыз Бақтиер Зайнутдиновқа мәскеулік «Спартак» қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдері де жарыса жазуда.
Бізде бар мәліметтер бойынша, «ақ-қызылдар» Зайнутдиновтың трансферіне 3,5 миллион еуро жұмасауға дайын. Бапкерлік штабтан бөлек мәскеулік ұжымның басшысы Олег Малышов та Бақтиер секілді әмбебап ойыншы қажет деп санайды. Қазіргі таңда «Спартактың» қос қорғаушысы Срджан Бабич пен Алексис Дуарте жарақат алып, ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды. Жартылай қорғанысындағы жағдай да мәз емес, Пабло Солари мен Роман Зобнин де үмітті ақтап жатқан жоқ.
Ал «Бешикташтың» бапкерлік құрамы өзгергелі отандасымыз алаңға шығуын тым сиретіп алды. Оның үстіне алдыңғы маусымдағы жарақаты әлі де сыр беріп жүр. Өткен айда дәрігерлер рұқсат бермей, ұлттық құрамадағы маңызды матчтарды жіберуге де мәжбүр болған еді.
Бақтиер Зайнутдиновтың Ресей футболында тәжірибесі жетерлік. Ыстамбұлдық ұжымға ауыспас бұрын «Ростов» және «ЦСКА» сапында бірнеше маусымын өткізген болатын. Әскерилер сапында жүріп, 2023 жылдың тамызында Түркия суперлигасына аттанды. Ол кездегі трансферлік құны 4,5 еуроны құраған.
Айта кетейік, Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 50 ойынға қатысып, 1 гол және 1 ассист жасап көзге түсті.
