TENBILDOP
Жастар құрамасы

Қазақстан жастар құрамасының Еуро-2027 турниріне шақыртылған футболшылар тізімі анықталды

kff.kz

Қазақстан U-21 құрамасының бас бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты, ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жастарымыз Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч 5 маусым күні «Астана Аренада» 19:30-да өтеді.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда Астанада басталады.

Қазақстан U-21 жастар құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»)

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетысу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»);

Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли («AKAS»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан-Тәңірі»);

Қосалқы құрам:
Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»)
Жандос Өмірзақов («Тараз»)
Бахтияр Төлеуов («Ертіс»)
Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»)
Сағи Маликайдар («Тұран»)
Мирас Оматай («Жетісу»)
Аслан Ахмедов («Жетісу»)
Тамерлан Ағыманов («Ертіс»)
Сэйф Попов («Алтай»)
Абзал Баймолда («SD Family»)

Тағы да оқыңыз