Биыл «Жеңістің» “Астана Аренадағы” ойындарын 46 мыңнан астам жанкүйер тамашалады. Бұл Науру, Тувалу және Сан-Марино елдерінің халық санынанда артық деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Астаналықтар ең көп жиналған ойын 8-турда «Қайратқа» қарсы болды. 8,5 мың адам Жеңіс күнінде елордалықтарды қолдауға келген. Өкінішке орай, 9-мамырда өткен «сары-қаралар» дербиінде Уразбахтин шәкірттері 1:2 есебімен басым түсті
Ал мүлдем халық келмеген матч «Жетісуға» қарсы тіркелді. Жексенбі екеніне қарамастан, ойынға небәрі 500-ге жуық жанкүйер келген. Тып-тыныш атмосферада «Жеңіс» 3:1 есебімен жеңіске жетті
Бүгін “Астана Аренада” Демченко шәкірттері қауіпті аймақта тұрған «Тұранды» қабылдайды.
