Бұрынғы «Барселона» шабуылшысы, қазір «Интер Майами» клубының ойыншысы болып жүрген Лионель Месси каталондық команданың жаңартылған «Камп Ноу» стадионына барып, әсерімен бөлісті. Ол бұл туралы өз әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
«Кеше кешке мен жан-тәніммен сағынған жерге оралдым. Бұл — мен шексіз бақытты болған, ал сендер мені жер бетіндегі ең бақытты адамнан мың есе бақытты еткен орын. Бір күні қайта оралатыныма үміттенемін. Тек ойыншы ретінде қоштасу үшін ғана емес…» — деп жазды Месси.

Айта кетейік, Лионель Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан 2021 жылға дейін ойнады. Осы кезеңде аргентиналық футболшы клубпен бірге көптеген командалық және жеке марапаттарға қол жеткізді.
