TENBILDOP
А-СериясыӘлем футболыЖаңалықтар

«Ювентус» бас бапкер Игорь Тудормен келісімшартты ұзартқанын хабарлады

"Ювентус" ФК

Италиялық «Ювентус» клубының бас бапкері Игор Тудор командамен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Құштарлық. Харизма. “Ювентус” рухы. Бұл – Игор Тудор наурыз айының соңында команданы қабылдап алғалы бері “Ювентусқа” әкелген және алдағы жылдары да олицетворениесі болып қала беретін қасиеттер.

Енді бұл ресми: Тудор “Ювентуспен” келісімшартын ұзартты. Хорват бапкер команда тізгінін 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұстайды, ал келісімшартты тағы бір жылға — 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Оның келесі үлкен сынағы — осы жазда команда Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады», — делінген клуб хабарламасында.

Айта кетейік, «Ювентус» 2024/2025 жылғы маусымда Италия чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Команда 38 матчтың қорытындысы бойынша 70 ұпай жинады. Ел чемпионы — 82 ұпаймен «Наполи» болды.

Тағы да оқыңыз