TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтар

Виктор Дьокереш «Спортинг» клубына енді ойнамайтынын мәлімдеді. Ол клубты өзара келісімді бұзды деп айыптап отыр.

Швеция құрамасының шабуылшысы бұған дейін 2023 жылы келісілген шартты орындағаннан кейін трансфер бағасын 70 миллион еуроға дейін төмендетуге «Спортингпен» келісімге келген. Ол шарт бойынша Дьокереш маусымда кемінде 20 гол соғуы керек болатын. Виктор бұл талапты артығымен орындап, екі рет қатарынан Португалия лигасының ең үздік сұрмергені атанды — ол бір маусымда 29, келесі маусымда 39 гол соқты.

Алайда Record басылымының хабарлауынша, Дьокереш клубтың берген уәдесінде тұрмағанына ренжулі әрі көңілі қалған. Ол әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан «Спортингке» қатысты ақпараттарды өшіріп, клуб басшылығына енді команда үшін ойнамайтынын айтқан.

Бұл жағдайға байланысты «Спортинг» президенті Фредерику Варандаш мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді:

«Мен Дьокереш 60 миллион еуро және қосымша 10 миллион үшін кетеді деп ешқашан уәде берген жоқпын. Бүгінгі күнге дейін біз Викторға ресми ұсыныстар алған жоқпыз.

Оның агентін ең қатты алаңдатқан мәселе — біз келісімшарттағы бұзылу шартын талап ете ме деген сұрақ болды. Агент белгілі бір кепілдіктер сұрады.

Біз неге келістік? Біз қазіргі уақытта келісімшарттағы толық бұзылу сомасын талап етпейтінімізге. Себебі ол жақында 27 жасқа толды, ал Португалиядан 27 жасында ешкімге 90-100 млн еуро беріп кетпейді.

Сол кездесуде агент нақты баға белгілеуді қалады. Мен былай дедім: «Бізге нақты сома қоюдың қажеті жоқ, себебі бір жылдан кейін не болатынын білмеймін. Бұл 40, 60 не 80 млн болуы мүмкін. Мен кепілдік бере алатыным — мен 100 миллион еуро сұрамаймын».»

Айта кетейік, бұған дейін Дьокерешке «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» қызығушылық танытқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыз