Уго Перес «Эспаньол» ойыншысы атанды. Қорғаушы «Вильярреалдан» еркін агент ретінде кетті.
Орталық қорғаушы Уго Перес «Эспаньол» клубына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Футболшымен үш жылдық келісімшарт жасалған.
Ол еркін агент ретінде ауысты. Бұған дейін Перес «Вильярреал» клубының ойыншысы болған.
22 жастағы Уго Перес өткен маусымды «Вильярреал B» сапында өткізген: 28 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
