Миландық «Интер» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 1-тур ойынында амстердамдық «Аяксты» жеңді. Нидерланды астанасында өткен кездесу 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Tenbildop.kz.
Қос голдың авторы — Маркус Тюрам. Ол 42 және 47-минуттарда Витеслав Ярош қақпасына теңбілді тулатты. Дубль рәсімдеген француз екі голды да баспен соқты. Оған екі мәрте түрік жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу нәтижелі пас асырды.

Осылайша «Аякс» өз алаңында қарымды қарсыластан ұпай жоғалтты. Келесі турда Джон Хейтинг шәкірттері сырт алаңда француздық «Марсельмен» кездессе, “нерадзурри” өз алаңында прагалық «Славияны» қабылдайды.

