TENBILDOP
Жаңалықтар

Түркия футбол федерациясы 100-ден астам ойыншыны бәс тігу ісі бойынша шеттетті

Түркия футбол федерациясы (TFF) заңсыз бәс тігу ісі бойынша 102 ойыншыны футболдан шеттетті. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Федерация шешіміне сәйкес, ойыншылардың жазасы 45 күннен 1 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.
Ең қатаң жаза — 12 айлық дисквалификация — мына футболшыларға тағайындалды:

  • қақпашы Али Шашал Вурал («Сивасспор»),

  • қақпашы Оркун Оздемир («Болусспор»),

  • жартылай қорғаушы Октай Алдын («Амед»),

  • қорғаушы Абдулсамед Бурак («Кайсериспор»),

  • сенегалдық шабуылшы Алассан Надо («Коньяспор»).

Бұған дейін түрік БАҚ-тары TFF тәртіптік кеңесі алдында 1 024 футболшы заңсыз ставкалар ісі бойынша жауапқа тартылатынын хабарлаған еді.

Сонымен қатар, федерация 149 кәсіби төрешіні де матчтардан 8 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге шеттетті. Себебі олардың матчтарға бәс тіккен шоттары — соның ішінде шетелдік букмекерлік платформалардағы аккаунттары — анықталған.

Тағы да оқыңыз