Ертең «Реалға» қарсы ойын алдында алматылық «Қайрат» сары-қаралар дербиінде астаналық «Жеңіспен» кездеседі, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Премьер-лиганың кейінге шегерілген 8-тур ойындары аясында «Қайрат» Алматының Орталық стадионында елордалық «Жеңісті» қабылдайды. Кеше «Астана» қостанайлық «Тобылды» 2:3 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде алға шықты. Бұл ойын екі «фронтта» ойнап жүрген Рафаэль Уразбахтин шәкірттері үшін көшбасшылықты қайтаратын мүмкіндік болмақ.
«Жеңіске» қарсы негізгі қақпашы ретінде бас бапкер Қалмұрзаны емес, Диас Реимовты шығаруы мүмкін. Ең бастысы — Чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы маңызды ойын алдында тағы бір ойыншымыз жараланбаса болғаны!
