TENBILDOP
Әлем футболыӘлем ЧемпионатыЖаңалықтар

Пуйоль — 2026 жылы кім Әлем Чемпионы атанатынын болжады

 

«Барселона» және Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Карлес Пуйоль Португалия ұлттық құрамасын Әлем Чемпионаты — 2026 турнирінің басты фавориті деп атады.

«Иә, мен дәл солай ойлаймын. Португалияда өте мықты құрам бар, футболшылары жеңіске жиі жететін ірі клубтарда ойнайды, бұл – бәсекеге қабілетті команда, әрі керемет бапкері бар. Меніңше, олар фавориттердің қатарында.

Әлі бір жыл бар, бұл уақыт ішінде жарақаттар, ауыр ойын кестесі сияқты факторлар әсер етуі мүмкін… Бірақ дәл қазір бұл өте қауіпті құрам», — деп келтіреді Пуйольдің сөзін TUDN әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Бұған дейін Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында жеңіске жеткен болатын. 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде команда Армения, Венгрия және Ирландиямен ойнайды.

Тағы да оқыңыз