«Пари Сен-Жермен» клубы өз алаңында лондондық «Арсеналды» 2:1 есебімен жеңіп, ақтық бәсекеге жолдама алды, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.
УЕФА Чемпиондар Лигасының финалистері анықталды. «ПСЖ» қос кездесуде де зеңбірекшілерден үздік атанса (алғашқы ойын 1:0, жауапты матчта 2:1), миландық «Интер» финалға қосымша таймның арқасында каталондық «Барселонадан» басым түсті.
Ақтық сын 1 маусым күні түнгі сағат 0:00-де Мюнхенде «Альянц-Арена» стадионында «ПСЖ» — «Интер» арасында өтеді
