Бакулық «Сабахтың» қақпасын қорғайтын Стас Покатилов бүгін Еуропа лигасының алғашқы іріктеуінде негізгі құрамда шығуы бек мүмкін.
«Сабах» тізгінін жақында ғана ұстаған Литвалық маман Вальдас Дамбраускас Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловқа толықтай сенім артатын секілді. Жақында ғана «Рапидпен» болған халықаралық жолдастық кездесуде негізгі құрамда өнер көрсетіп шықты.
Бүгін Словениялық «Целені» өз алаңында қабылдайды. Ал қарымта кездесу 17 шілдеге жоспарланған.
