Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикті» айналып өткен алматылық ұжым, Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 22-тур ойындарын да жеңіспен тәмамдады. Сырт алаңдағы «Оқжетпеске» қарсы жеңістен кейін «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Олжас Байбек, Tenbildop.kz сайтына шағын сұқбат берді:
— Олжас, бүгінгі ойын жайлы қысқаша айта кетсеңіз?
— “Өздеріңіз көргендей ойын өте қиын болды. Соңына дейін есепті сақтап қалуға тырыстық және сырт алаңда үш ұпай алғанымызға қуаныштымыз”.
— Негізінен көбісі «Оқжетпеске» қарсы сырт алаңдағы кездесуге екінші құрамды алып келеді деп күтті. Дегенмен бапкер негізгі ойыншыларды алаңға қосты. Соған қарағанда «Қайрат» еурокубокпен, қатар чемпиондыққа да соңына дейін таласады деген сөз ба?
— “Иә әрине, басты тарсырма — Чемпиондар лигасында барынша жақсы өнер көрсету мен Қазақстан Премьер-лигасында чемпиондыққа таласу. Негізгі кезеңге өттік екен деп чемпионатты құрбан қылуға болмайды. Сондықтан да соңына дейін таласамыз”.
— Чемпиондар лигасының жеребесі жайлы не айта аласың, көңіл-күй қандай?
— “Қарсыласымыз міндетті түрде бір гранд команда болатыны белгіді еді. Дегенмен, елімізге «Реал Мадрид» секілді алып ұжымды алып келгенімізге өте қатты қуаныштымыз. Жалпы қай команданы алып қарасаңыз да өте күрделі ойын күтіп тұр. Алайда, күллі Қазақ елі үміт артып отырғаннан кейін барынша жақсы өнер көрсетуге тырысамыз”.
— Алда әлі «Ақтөбе», «Жеңіс» және «Астанамен» чемпиондықтың тағдыры сарапқа салынатын маңызды ойындар бар, ол кездесу жайлы не айтасыз?
— “Ол кездесулерге дейін жақсылап тынығып, қалыпқа келіп жаттығуды бастау қажет. Өз алаңымыздағы ойындар болғасын тек жеңіс жолында ойнайтынымыз анық”.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы аяқталғанға дейін «Қайраттың» өз алаңында өткізетін маңызды төрт ойыны қалды. Уразбахтин шәкірттерін: «Ақтөбе», «Жеңіс», «Жетісу» және чемпионаттағы басты қарсыластарының бірі «Астана» күтіп тұр.
