Мадридтік «Реал» мен француздық ПСЖ арасындағы кездесу 0:4 есебімен аяқталды. Бұл жеңіліс испаниялық ұжым үшін ауыр соққы болды.
Ойын барысында хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич алаңға 64-минутта қосылды. Бұл матч 39 жастағы футболшының «Реал» сапындағы соңғы ойыны болды. Ол 2012 жылдан бері мадридтік клубтың намысын қорғап келді.
13 жыл ішінде Модрич «Реал» үшін барлық турнирлерде 597 матч өткізіп, 28 трофейге қол жеткізді. Сонымен қатар, 2018 жылы ол футбол әлеміндегі ең беделді марапат — «Алтын допты» (Ballon d’Or) жеңіп алды.
Карьерасын жалғастыру үшін Лука Модрич енді Италияның әйгілі «Милан» клубына ауысады.
