TENBILDOP
А-СериясыЖаңалықтар

«Милан» — «Комо» матчы Аустралияда өтеді

MILAN, ITALY - MARCH 15: Christian Pulisi of FC Internazionale competes for the ball with Luca Da Cunha of Como during the Serie A match between FC Internazionale and Genoa at Stadio Giuseppe Meazza on February 22, 2025 in Milan, Italy. (Photo by Claudio Villa/AC Milan via Getty Images)

Бұл А-Сериясы тарихында бұрын соңды болмаған таңғажайып оқиға болғалы тұр. Әдетте италиялық ұжымдар тарапынан жасыл алаң мен стадион мәселесі ешқашан көтеріліп көрген емес. Алайда бұл жолғы мәселенің орыны тіптен ерекше.

Италия чемпионатының маусымдық күнтізбесі күні бұрын жарық көрді. Ол жерде ақпан айының ортасында «Милан» өз алаңында «Комоны» қабылдауы тиіс. Ал ол датада қысқы паралимпияданың ашылу салтанаты ресми түрде «Сан-Сиро» стадионында өтеді. Соған байланысты «Милан» басшылығы ойынды Аустралияның Перт қаласын орналасқан  «Оптус» стадионында өткізуді жөн көріп отыр.

Бұл шешімге FIFA мен Италия футбол федерациясы рұқсаттарын берді. Айта кетейік, бұл А- Сериясының 26-турда өтетін ойыны.

Тағы да оқыңыз