Лионель Мессидің «Интер Майами» клубы КОНКАКАФ тарихына енді, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.
АҚШ клубы клубтық әлем чемпионатының 2-турында «Портуды» 2:1 есебімен жеңіп, маңызды жетістікке қол жеткізді.
Жеңіс голын 37 жастағы аргентиналық шабуылшы айып добынан соқты.
Бұл нәтиже КОНКАКАФ (Солтүстік және Орталық Америка футбол конфедерациясы) өкілдерінің ФИФА ұйымдастыратын ресми турнирлерде Еуропа командаларын алғаш рет жеңуі болып отыр.
