TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер Лигасы

Қызылордадағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын

Қызылорда қаласының сол жағалауындағы жаңа стадион аяқталуға жақын. Сенбі-жексенбі болғанына қарамастан құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр тағы да арнайы барып, стадионның соңғы дайындықтарын пысықтады.

Айта кетейік, тәуелсіз еліміздің тарихында Астана, Түркістан қалаларынан кейін үшінші заманауи стадион Сыр өңірінде бой көтеріп жатыр. Сондықтан, бұл аймақ үшін айтулы оқиға. Оның сыйымдылығы 11 мың орынға лайықталып, трибуналары ағылшындық ареналардың үлгісіндей жасыл алаңға жақын орналасатын болады.

Тағы да оқыңыз